Қостанай облысы әкімінің аппаратының мәліметіне сүйенсек, қазір баланста 10 көлік бар. Оның 75 пайызына шамамен 10 жыл және одан да көп уақыт болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
Өңір шенеуніктері бүгінде мынадай көлік маркаларын пайдаланып жүр: KIA Sportage, Skoda Rapid, Peugeot 301, Chevrolet Tahoe, Skoda Superb B6, Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200.
"Көлік таңдаудағы негізгі критерийлер: сапасы, техникалық қызмет көрсетудегі ыңғайлылығы, іс-шараларға, әлеуметтік, өндірістік және әртүрлі ауа райында облыс үшін маңызды басқа да мәселелер бойынша жұмыс сапарларына сай келуі. Бюджетте қарастырылса және амортизацияға байланысты ақау шықса, көлік жаңартылады", - деді аппарат өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысының шенеуніктері қандай көлік мініп жүргені жарияланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз