Қостанай облысындағы ұн зауытында төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рудныйда жұмысшылар ұн комбинатындағы шанақта қаза тапты. Оны тазалау кезінде төтенше жағдай болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.
Төрт жұмысшы шанаққа түсіп, қайта көтерілмеген. Оның тереңдігі – бес метр. Оқиға туралы 112-ге хабарланды.
"Төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі дереу оқиға орнына жетті. Жедел жәрдем қызметкерлері жұмыскерлердің қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!