- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысындағы ТЖ:...
Қостанай облысындағы ТЖ: Озерный кентінде 50 үй өртеніп жатыр
Қостанай облысындағы өрт салдарынан Озерный кентінің тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысы Басаман ҚМУ аумағындағы ірі орман өртін сөндіру екінші тәулік бойы жалғасып жатыр.
Өртті сөндіруге "Қазавилесоохрана" РМҚК, орман мекемелерінің, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника жұмылдырылған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев оқиға орнында, штабта өрт сөндіру бойынша тактикалық шешімдер қабылданып жатыр. Өрт мемлекеттік орман қорының 2000 гектардан астам жерін қамтыды.
17:30-дағы ақпарат бойынша, Новонежинка ауылының маңында өрт тоқтатылды. Ал, Озерный кентінде 50-ге жуық үй жанып жатыр. Тұрғындар эвакуацияланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина