Қостанай облысындағы тасжолда жеңіл көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Қостанай облысында жеңіл көлік түгі қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының өртсөндірушілері жанып жатқан көлікті сөндірді.

"Оқиға Қостанай ауданы Ульянов ауылының маңындағы тасжолда болған. Жеңіл автокөліктегі өрт ТЖМ күштерімен сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!