- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысындағы су...
Қостанай облысындағы су тасқыны: зардап шеккендер жаңа баспана алып жатыр
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспана алып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арқалық қаласының әкімдігіне қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш түскен.
"Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлері 17 сәуірде беріле бастады. Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр", - деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 107 миллион теңге бөлінгені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Ордабаев