Қостанай облысындағы суғару жүйесі істен шықты. Қарғын су техниканы бүлдіріп, топырақтың құнарлы қабатын да шайып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Осының кесірінен шаруалар егіс науқанын кейінге қалдыруға мәжбүр. Алдын ала мәлімет бойынша шаруалар 400 миллион теңгеге жуық шығынға батқан.
"Қолдан келгенді істеуге тырысып жатырмыз. Суғаруға арналған техниканы шамамыздың келгенінше жөндеп қойдық. Бірақ күзге дейін бәрін қалпына келтіре алмаймыз. Суғарылмаса ештеңе өнбейді ғой", - деді шаруа Александр Брехачёв.
Жауаптылардың айтуынша, мәселені шешу үшін кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Шаруаларға мемлекет тарапынан бірқатар көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, өңірдегі көкөніс егетін алқап Қостанай облысының шамамен 5 гектарын алып жатыр.
"Су басқан учаскелер жоқ. Енді жағдай реттелген соң, егін егіледі. Мемлекет тарапынан шаруашылық арзан дизельдік отынмен қамтамасыз етіледі. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу да субсидияланады", -деді Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Төлеген Ысқақов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!