- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысындағы өртке...
Қостанай облысындағы өртке байланысты жедел желі іске қосылды
Қостанай облысындағы өртке байланысты облыстық департамент жанынан жедел желі іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық ТЖД ашылған жедел желі телефонына хабарласуына болады Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды.
"ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желі ашылды, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласуына болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр.
""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінуіне немесе жойылуына байланысты нұқсанды өтеуді талап етуге құқылы", - деді ТЖД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова