Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұған дейін хабарланғандай, 24.00-ге дейін зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат болған жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерді қарау барысында адам денесі табылды. Ол - 1936 жылы туған мүгедектігі бар ер адам. Жедел іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар оған хабарлағаны, бірақ ол эвакуация шараларынан бас тартқаны анықталды. Дегенмен адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі", - деді министр.
Сондай-ақ, ол өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланғанын айтты. Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!