Қостанай облысындағы өрт: ғарыштан түсірілген суреттер жарияланды

Қостанай облысындағы өрт: ғарыштан түсірілген суреттер жарияланды

Қостанай облысындағы өрттің ғарыштан түсірілген суреттері пайда болды. Оны "Жерді қашықтан зондтау компанияларының қауымдастығы" ЗТБ кеңесінің мүшесі Абзал Жамалов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Желіде пікірлер айтылған көптеген фотосурет пен видеолар бар. Мен тек 2022 жылдың 4 қыркүйегіндегі сағат 11.50-де (астана уақыты бойынша) апаттың шынайы ауқымын көрсеткім келеді. Суреттер PlanetLabs компаниясының PlanetScope және SkySat ғарыш аппаратынан алынды", - деп түсіндірді маман.

Абзал Жамалов әр күнде түсірілген суреттерді көрсетті. 1 қыркүйекте орман алқабында ешқандай ауытқу болмаған. 

"2 қыркүйекте термиялық аномалиялар тобы (нүктелер) пайда болды. FIRMS қызметінің нашар ажыратымды суретіне қарағанда, ошақтар Қарақалпақ елді мекеніне жақын орналасқан", - дейді ол. 

"3 қыркүйекте өрт орманның барлық аумағына тарады. Термиялық аномалиялар бүкіл периметрден көрінеді. FIRMS қызметіндегі суреттен түтінді көруге болады, ал PlanetScope суретінен Бағаналы елді мекені маңындағы белсенді ошақтар көрінеді", - дейді Абзал Жамалов. 

Маманның айтуынша, 4 қыркүйекте орманның көп бөлігі (бүкіл орталық) өртенген. Орманның батыс және шығыс бөлігінде белсенді ошақтар байқалады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш