- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысындағы өрт:...
Қостанай облысындағы өрт: Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған шаралар шегерілді
Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар шегерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қостанай облысы Басаман ҚМУ аумағындағы ірі орман өртін сөндіру екінші тәулік бойы жалғасып жатыр. Өрт мемлекеттік орман қорының 2000 гектардан астам жерін қамтыған.
17:30-дағы ақпарат бойынша, Новонежинка ауылының маңында өрт тоқтатылған. Ал Озерный кентінде 50-ге жуық үй жанып жатыр. Тұрғындар эвакуацияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш