Қостанай облысындағы колонияда сотталған адам қайтыс болды

Қостанай облысындағы колонияда сотталған адам қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысындағы колонияда сотталған адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәліметінше, қазір бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Сотталған адам есірткі қылмысы үшін жазасын өтеген. Бұл жайт бейнебақылау жүйесіне тіркелген. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жазылған комитеттің редакцияға берген жауабында.

Еске салайық, жуырда Абай облысындағы колонияда да сотталушы қаза тапты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget