- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысындағы ауыл...
Қостанай облысындағы ауыл карантинге жабылды
Қостанай облысында ірі қарадан бруцеллез табылып, ауыл карантинге жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бруцеллез Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Диев ауылында ірі қара малдан анықталған, елді мекен аумағында шектеу шаралары енгізілді.
"Ірі қара малдан бруцеллез ауруының табылуына байланысты Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің Диев ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін. Әулиекөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына анықталған эпизоотия ошағын жою үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын", - делінген Ашық НҚА поратында жарияланған аудан әкімдігінің шешім құжатында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы екі ауылда ұсақ мал бруцеллезге шалдығып, елді мекенге шектеу енгізілген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина