Қостанай облысында алапат өрт болып жатыр. Massaget.kz тілшісі Желіде оқиға орнынан тарап жатқан суреттер мен видеоларды жинады.
Қостанай облысы Басаман ҚМУ аумағында пайда болған ірі орман өртін сөндіру екінші тәулік бойы жалғасып жатыр.
Өртті сөндіруге "Қазавилесоохрана" РМҚК, орман мекемелерінің, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Облыста түтін салдарынан республикалық маңызы бар "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолы жабылды.
Озерный кентінде 50 үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға 300-ге жуық адам, 100-ден астам техника жұмылдырылған.
Қостанайда өрт шыққан қару-жарақ дүкенінің директоры ауыр халде ауруханада жатыр. Оның денесінің 50 пайызын күйік шалған.
Бұған дейін жертөледе қамалып қалғаны айтылған қызметкерлердің жағдайы әзірге белгісіз.
Оқиға орнына ТЖ министрі Юрий Ильин барды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!