- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында зиян...
Қостанай облысында зиян компьютерлік бағдарламаны таратқан тұрғын сотталды
Қостанай облысының тұрғыны интернетте зиянды бағдарлама таратқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысы бойынша ҰҚКД және ПД облыстық прокуратураның үйлестіруімен интернет желісінде зиянды бағдарламаны (вирустарды) таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғынның құқыққа қайшы әрекеті тоқтатылды.
Зиян бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік берді. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алады.
Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу материалдары қаскүнемнің заңсыз түрде зиянды бағдарламалар жасауға үйрету бойынша өз қызметтерін сатқанын куәландырады.
Nº2 сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 210-бабының 1-бөлімінде (Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке және 15 АЕК (55380 теңге) айыппұл салуға, барлық компьютерлік техниканы алып қоюға үкім шығарылды. Үкім заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина