- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында зейнеткер...
Қостанай облысында зейнеткер алаяққа таксиден 3 миллион теңгесін салып жібермек болған
Қостанай облысында полицейлер такси жүргізушісінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 қыркүйекте Лисаков қаласында такси жүргізушісі Серік Нағашыбаевқа Лисаковтағы бір мекенжайдан заттар салынған сөмкені алып, Рудныйға жеткізу қажет екенін айтқан әйелден тапсырыс түскен. Әйел жеткізу сомасын 8 мың теңге деп көрсеткен.
Пакетті такси жүргізушісіне 80 жастағы зейнеткер берген. Ол қызының қиын жағдайға тап болғанын және тез арада заттарын жеткізу керегін айтты.
Такси жүргізушісі күдіктеніп, полицияға хабарласқан.
Зейнеткер қылмыскерлердің өзі шақырған такси арқылы алаяқтарға 3 миллион теңге аудармақ болған. Полиция қызметкерлері Диас Рахметов пен Ерқанат Рахимов қызында бәрі жақсы екенін айтып, зейнеткерге ақшаны қайтарып берді.
Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Зейнеткердің қызы Елена Кононюк полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан