Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 15 жастағы бала табылды

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 қарашада таңертең Әулиекөл ауданының Первомайское ауылында 15 жастағы жасөспірім атқа мініп, мал бағуға шығып, жоғалып кеткен.

Сағат 16:00 шамасында ол ата-анасымен байланысқа шығып, телефонының қуаты таусылатынын хабарлады. Содан кейін онымен байланыс үзілді.

️Баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәтте іздестіруге ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, ЖАО өкілдері, сондай-ақ туысқандары жұмылдырылды. Іздестіру тобының үйлесімді жұмысының арқасында бүгін таңертең Шолақтерек қыстағынан жасөспірім табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ туған-туыстарына қайту бағыты мен уақыты туралы алдын ала хабарлап, өздерімен толық зарядталған мобильді құрылғылар мен қосалқы байланыс құралдарын алып жүруді ұсынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!