Қостанай облысында ВИЧ жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған

Қостанай облысында ВИЧ жұқтырған ер адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында ВИЧ (АИТВ) індетін жұқтырған жергілікті тұрғынға қатысты сот процесі аяқталды. Ол кәмелетке толмаған өгей қызын зорлаған деп айыпталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlau.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі растады. Соттың мәліметінше, жәбірленушінің жағдайы мен жасы ескеріліп, бұл іс жабық өткен. 

"Өгей әке өгей қызын зорлаған. Қыздың жасы небәрі 13-те. Ер адам анасы үйде болмаған кезде өгей қызына теріс әрекет жасаған. Ол АИТВ (ВИЧ) індетін жұқтырғанын біле тұра қылмыс жасаған", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, қыз індетті жұқтырмаған. 

Қостанай облысының тұрғыны жасаған ауыр қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget