- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында үш...
Қостанай облысында үш жасар қыздың бетін ит тістеп, жұлып алған
Қостанай облысында үш жасар қыздың бетін ит тістеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен.
Оқиға 6 мамырда Тобылда болған. Балаға питбуль иті шабуыл жасады. Ит үш жасар қыздың бетін тістеп алған.
"Қыз ауыр халде жатқызылды. Шок жағдайда. Ерні, беті жыртылған. Жедел операция жасалды. Ерні мен бетін тіктік. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Бала белсенді, жүгіреді, тамақтанады. Тігістерді бақылап жатырмыз. Қабынып жатқан жоқ. Әдетте, ит тістегеннен кейін бұл жаралар инфекциялы болады, олар іріңдейді, әсіресе бетке өте қауіпті. Инфекция миға түседі. Қызда бәрі жақсы. Температура жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді алып тастайтын шығармыз. Кейін оны шығаруға болады", - деді Игорь Белобржицкий.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек