- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында үш...
Қостанай облысында үш бұзақы қолға түсті
Қостанай облысында полиция үш бұзақыны қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын құқық бұзушылық туралы полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол қалада орталық алаңның сахнасында үш белгісіз адамның қара маркермен сурет салған сәтін видеоға түсірген. Әйел ескерту жасаған, бірақ жастар оның сөзін елемей сурет салуды жалғастыра берген.
Хабарламадан кейін полицейлер камера жазбалары бойынша құқық бұзушыларды іздестіруді ұйымдастырды.
"Ғимараттардың, үйлер мен құрылыстардың қабырғаларына түрлі жазулар, суреттер салу бұзақылық пен вандализмнің көріністеріне жатады", – деп атап өтті жергілікті полиция бөлімінің бастығы Орал Баймурзин.
Үш адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына 73 мың теңгеден әкімшілік айыппұл тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина