- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында түйе...
Қостанай облысында түйе жол апатына себеп болды
Қостанай облысында түйе жол апатына себеп болды. Полиция қызметкерлері түйенің иесін анықтап, жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 тамыз түнде Қостанай – Қарабұтақ автожолының 59-шақырымында GEELY автокөлігінің жүргізушісі қараусыз жайылып жүрген екі түйені қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан түйелер өлді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, бірақ оған материалдық шығын келді.
Іс жүргізу барысында полицейлер түйе иесін анықтады. Ол Бейімбет Майлин ауданының Юбилейное ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ауылдық учаскелік полицейдің айтуынша, ер адам ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.
Бұл жолы құқық бұзушылар әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жол ережелерін және жоғарыда аталған ережелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оған шамамен 45 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол келтірілген залалды өтеуі керек.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан