Қостанай облысында темекіні заңсыз сатуға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анықталған темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады.

Жүргізілген рейдтер барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды.

Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.

Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді.

Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады.

Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!