Қостанай облысында тағы бір ауыл өртеніп жатыр. Орман өрті Аманқарағай ауылына ұласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде куәгерлер оқиға орнынан видеоларды бөлісіп жатыр.
Ауылда теміржол бекеті бар, тұрғындардың сөзінше, сол аймақтағы барлық үй өртеніп кеткен. Ауылда, одан бөлек, екі элеватор мен мектеп бар.
ТЖД мәліметінше, өрт Аманқарағай ауылындағы мұнайбазасының әкімшілік ғимаратына және жақын маңдағы 30 тұрғын үйге өткен.
Кешкі уақыттағы ақпарат бойынша, Қостанай облысындағы өрт 9400 гектар аймаққа жеткен. Озерный, Аманқарағай, Калинино және Лесное кентінде 1841 адам эвакуацияланды.
Қостанай облысындағы өртке байланысты облыстық департамент жанынан жедел желі іске қосылды.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысындағы Озерный кенті өртке оранғаны хабарланған болатын. Салдарынан 50 үй өртеніп кетті. Жергілікті тұрғындар эвакуацияланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!