Қостанай облысында су тасқыны болуы мүмкін жерлерге тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12-15 наурыз аралығында "Қазгидромет" РМК Қостанай облысы бойынша филиалының қызметкерлері Қостанай облысы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Тобыл өзенінің оңтүстік бассейні бойынша даладағы жоспарланған маршруттық қар өлшемін түсіру жұмыстарын жүргізді.
Қар жамылғысының орташа биіктігі 27 см-ден 33 см-ге дейін, қар жамылғысындағы су қоры 65 мм-тен 96 мм-ге дейін жетті.
Бүгінгі таңда қар жиналу процесі жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!