Қостанай облысының тұрғыны сотқа жәбірленуші ретінде келген. Ол мас бола тұра, бірге тұрған сүйіктісіне шағымданған. Кейін ол сотта балағат сөздер айта бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сарыкөл аудандық сотына сілтеме жасап.
"Ч. есімді азаматша сүйіктісі Ш.-ға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша жәбірленуші болып келді, ол мас күйде аудандық сот ғимаратында балағат сөздер айтқан. Ол ескертулерге назар аударған жоқ", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде Сарыкөл аудандық соты әйелді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол өз кінәсін мойындады. Оның кінәсі іс материалдарымен және куәгерлерме расталады. Әйел 69 000 теңге айыппұл төледі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша туралы мақал-мәтелдер
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!