Қостанай облысында шетелдік такси жүргізушілерінің заңсыз әрекеттері анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рейд барысында 68 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 42 жағдай шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзуымен, ал 26 оқиға жол қозғалысы ережелерін сақтамаумен байланысты болды.
Осындай құқықбұзушылықтардың бірі 20 желтоқсан күні Лисаков қаласында тіркелді. 40 жастағы шетелдік азамат, "Индрайвер" қосымшасы арқылы Toyota Alphard автокөлігімен жолаушылар тасымалдап жүрген жерінен ұсталды.
Полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның бұл қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ екенін анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463-бабы негізінде іс қозғалды.
Қостанай облысының полиция қызметі заңсыз такси қызметінің салдары ауыр болатынын еске салады. Тиісті рұқсатсыз такси жүргізушісі ретінде жұмыс істеу заңбұзушылық болып табылады және ол әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Құқық қорғау органдары тұрғындарды заңсыз тасымалдау әрекеттерін байқаса, тиісті органдарға хабарлауға шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз