Қостанай облысында шаруа қожалығының басшысы шот-фактураларды жалған жазып берген

Қостанай облысындағы шаруа қожалығының басшысы 1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 миллион теңгеден аса салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина