Қостанай облысында Рудныйдың прокуроры ұсталды

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұстау іс-шарасы ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген.

"Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!