- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында Ресей...
Қостанай облысында Ресей азаматы 56 рет жол ережесін бұзып, қомақты айыппұл арқалаған
Қостанай облысында Ресей азаматы 5 айда 56 рет жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 қазанда Қостанайда патрульдік полиция қызметкерлері "Қорғау" көмегімен 38 жастағы EXEED автокөлігінің жүргізушісі, РФ азаматы 5 ай ішінде жылдамдығын 56 рет асырғаны анықталды. Айыппұл сомасы 1,2 миллион теңгеден асты.
Сол күні Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 1982 жылы туған Ресей азаматы басқарған "Ваз 21099" маркалы автокөлігін ұстау бойынша жұмыс жүргізген. Автоматты түрде тіркеу құралдарымен 207 мың теңге сомасына 7 жол қозғалысы ережесінің бұзушылықтары анықталды.
10 қазанда облыс орталығында 1974 жылы туған Әзербайжан азаматының басқаруымен 172 мың теңге сомасына жылдамдықты 9 есе арттырған "Киа" көлік құралы тоқтатылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина