Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды. Ол жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр.
"Жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген. Баршаңызды жануарларға қамқор болып, қатыгездік фактілері туралы полицияға хабарлауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында мектеп оқушысы итті қатыгездікпен пышақтағанын хабарлаған едік.
Кейінірек жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны белгілі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз