Полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 24 сәуір күні Қостанай облысының Қарабалық кентінде болған.
Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғынына екі полиция қызметкері ескерту жасаған. Алайда, олардың заңды талаптарына бағынбай, сақшыларды сүйреп, оқиға орнынан қашуға тырысқан. Екеуі де түрлі дене жарақаттарын алған.
Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!