- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Қостанай облысында полицейлер жоғалған 14 жылқыны иесіне қайтарып берді
Фото:
polisia.kz
Қостанай тұрғыны Шортанбай Жетпісбаев жайылымнан жылқылардың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. 10 күн бұрын жоғалып кеткен жылқылардың құны 6 миллион теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам жануарларды өз бетінше іздеген, бірақ нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінді. Келесі күні Арқалықта полицейлер іздестіруді бастады.
Бір тәуліктен кейін жылқылар Үштөбе ауылынан 40 шақырым қашықтықта табылды. Жануарлардың иесі құқық қорғау органдарының үйлесімді және жедел жұмысының арқасында өз мүлкін қайтара алды.
"Жылқыларды таба алмағасын, полицейлерге жүгіндім. Олар тез арада тауып берді, бұл үшін көп рақмет!", - деді тұрғын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан