- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында полицейлер...
Қостанай облысында полицейлер ер адамның биіктен құлап кетуіне жол бермеді
Қостанай облысында полицейлер ер адамның биіктен құлап кетуіне жол бермеді. Оқиға 4 қаңтарда Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде сағат 12 шамасында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына қызметкерлер 4 минут ішінде жетті.
"Мен гаражыма барып, қараусыз қалған ғимараттың жанында тұрған таныс көлікті көрдім. Жан-жағына қарай бастадым да, қоршалмаған балконның шетінде жатқан адамды байқадым. Бірден полицейлер мен жедел жәрдем шақырдым", - деді оқиға куәгері.
Аманкелді Әбдірахиев кенттік полиция бөлімінің бастығы және кәмелетке толмаған полиция қызметкері Қайрат Асқаров ер адамды қауіпсіз жерге сүйреп апарып, медицина қызметкерлеріне оны жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектесті.
Қазір оның денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның қараусыз қалған ғимараттың балконына не үшін шыққаны анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан