- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- подполковник қостанай облысы мас
Қостанай облысында подполковниктің әрекеті наразылық туғызды
Желіде Қостанай облысы полиция департаменті подполковнигінің әрекеті наразылық туғызды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпарат бойынша Қостанай облысы полиция департаментінің подполковнигі Болат Ибрашев дәмханада жанжал шығарған. Полиция департаментінің өкілдері қызметтік тексеру басталғанын айтты.
Видеода ер адам жүре алмай келе жатқаны, оны екі адам қолынан ұстап келе жатқаны көрінеді.
Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты Қостанай облысы полиция департаментіне арнайы сауал жолдады.
"Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, оның шеңберінде қызметкердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, қызметкердің де, басшылықтың да кінә дәрежесі анықталатын болады", - делінген жауапта.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек