- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында подполковник...
Қостанай облысында подполковник қарамағындағы қызметкерді соққыға жыққан
Қостанай облысында подполковник қарамағындағы қызметкерді соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты ІІМ Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы жариялады. Қостанай гарнизонының подполковнигі Д. басқарушы лауазымды қызмет атқарып жүрген кезінде бағынышты офицер А.-ны өзінің тікелей бастығы мен басқа офицерлердің көзінше ұрып тастаған. Жәбірленуші А. бірнеше рет дене жарақатын алды.
23 мамырда Ақмола гарнизонының әскери сотының шешімімен Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Алайда тараптар татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
"Бұл қылмысты Әскери тергеу басқармасы және Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының қызметкерлері анықтады. ҚР ҚІЖК 200-бабы бойынша қызметкер атқаратын қызметінен босатылды, кінәлі адамдар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - дейді Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы, полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова