- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында өзен...
Қостанай облысында өзен арқылы жолды кесіп өтпек болған екі ер адам суға түсіп кетті
Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 желтоқсан кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кеткен. Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен.
Олар құтқару тростары мен жилеттер пайдаланды. Тәртіп сақшыларына тез әрекет етуі керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді. Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды.
Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан