Қостанай облысында өрт шыққан үйден ер адам мен әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
Жітіқарда бір қабатты 4 пәтерлі үйдің жүз шаршы метр шатыры өртеніп, адамдар қаза тапты.
"Газ-түтіннен қорғау қызметі бөлімі өрт орнында термиялық күйік іздері жоқ 1971 жылы туған ер адам мен 1979 жылғы әйел адамның мәйітін тапты", - деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Асланбек Теміров.
Өрт пен адам өлімінің себептері анықталып жатыр. Сараптама тағайындалған.
Айта кететін жайт, Қостанай облысы аумағында бір аптада 12 өрт оқиғасы тіркелген: екі деректен Рудный, Жангелді, Қарабалық және Қостанай аудандарында, бір деректен Федоров ауданында, Арқалық, Лисаковск және Жітіқарада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!