- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында өрт...
Қостанай облысында өрт шығып, бір үйдің бес баласы мерт болды
Қостанай облысында өрт шығып, бес бала мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Наша газета" мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қазанда Жітіқарада болған. Сағат 04.29-да жеке үйде өрт шығып, 1-8 жас аралығындағы бес бала қаза тапты.
Балалар үйде жалғыз қалған. Алтыншы бала аман қалған.
"Құтқарушылар 7 минуттың ішінде келген. Алайда үй тұтас өртеніп кеткен", – дейді жергілікті әкімдік өкілдері.
Өрт сағат 06.08-де толық сөндірілген.
Үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. 2011 жылғы бала аман қалған.
"Алдын ала болжам бойынша олардың анасы кешкі уақытта танысына кеткен. Күйеуі бас бостандығынан айырылған. Өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тергеу амалдары облыс прокурорының бақылауында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина