Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке және халықты елді мекендерден эвакуациялауға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы көмек көрсету акциясын ұйымдастыратынын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы Достық үйлері мен облыстардағы волонтерлік орталықтарда қаражат пен қажет заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылатыны белгілі болды.
"Ақпарат бойынша, эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, медициналық препараттармен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Алдын ала бағалау бойынша, зардап шеккен азаматтардың үйлерін, киімдерін қалпына келтіру қажет.
Осыған байланысты зардап шеккендер үшін ашылған есеп айырысу шотына (8 747 482 64 49) қаражат жинауға басымдық беріледі", - деді ҚХА өкілі.
Гуманитарлық көмек (киім, азық-түлік, гигиена құралдары, төсек-орын) жинау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 - Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы.
Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысында өрт шыққан еді. Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!