Қостанай облысында 106 мың орман қорының 43 мың гектарын өрт шарпыды. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір 8 өрт ошағы бар. Елді мекендердегі тұрғын үй құрылыстарына өрт тарауына жол бермеу мақсатында үш жауынгерлік учаске құрылды, онда ТЖ министрлігінің бөлімшелері, сондай-ақ, күштер мен құралдар белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, үш әуе кемесі жұмыс істейді, тілсіз жаумен күресті барынша тиімді жүргізу үшін су құю құрылғылары бар қосымша тағы үш әуе кемесінің келуін күтеміз", - дедә Юрий Ильин.
Министр мұнай базасындағы жарылыстың қалай алдын алынғанын айтты.
"Кеше ТЖ министрлігі, жергілікті атқарушы органдар сияқты барлық берілген күш белсенді жұмыс істеді, бізге "Қазақстан темір жолы" үлкен көмек көрсетті. Себебі Аманқарағай ауылындағы мұнай базасында жарылыс қаупі болды. Өрт сөндіру пойыздарының көмегімен қабылданған шаралар арқасында өрт таралуына жол берілмеді.
Жұмыс жалғасып жатыр. Өрт салдарын одан әрі оқшаулау және жою үшін Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның бөлімшелері белсенді жұмылдырылып жатыр", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!