Қостанай облысында орманда қыз баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты саңырауқұлақ теруге шыққан тұрғындар мессенджерлерде таратқан.
"Кездейсоқ көріп қалдық. Мынау оның көлігі. Алдыңғы орында балаларға арналған кресло тұр", - дейді видеодағы адам.
Alau.kz сайтының мәліметінше, қыздың денесі 27 тамызда сағат 17.00 шамасында Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде табылған. Болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Бұл ақпаратты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері растады. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз