Қостанай облысында көмілген өлі киіктердің саны 27,7 мыңға жетіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік ТЖД мамандары хабарлады. Еске сала кетейік, Жалоба аумағындағы киіктер 11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастады.
Бұған дейін 19 231 өлексенің көмілгені хабарланған. Оқиға орнында өлекселерді жинау мен жою жұмыстары жүріп жатыр, оған 515 адам мен 76 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, өлекселер жатқан аумақ 16 мың гектардан асты. Оқиға орнында тәулік бойы аудандық ІІБ мен Аманкелді аудандық "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты жұмыс істеп жатыр.