Қостанай облысында әйел адам күйеуімен ренжісіп қалғаннан кейін орманға барып, адасып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны құтқарушылар, полицейлер және еріктілер жаппай іздеген.
"Бүгін түнде Әулиекөл ауданы Бағаналы ауылының маңында құтқарушылар жоғалған әйелді іздеуге кірісті. Күйеуімен болған жанжалдан кейін 1981 жылғы әйел адам орманға кетіп, адасып кетті", – делінген облыстық ТЖД хабарламада.
Жоғалған адамды ТЖД, полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер іздеді. Құтқарушылар іздеу иттерін тартты, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақты пайдаланды.
"Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты", – деп атап өтті ведомство.
Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет емес екендігі анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!