Қостанай облысындағы Науырзым ауданындағы құрылыста заңсыз шығындар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Науырзым ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.
Осылайша, орындалған жұмыстардың актілерін зерделеу барысында аудан аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырған екі өнім берушінің қысқы уақытта жұмыстарды орындағаны үшін шығыстарды заңсыз қосқаны, ал іс жүзінде жұмыстар жазғы-күзгі кезеңде орындалғаны анықталды.
Осыған ұқсас заңбұзушылықтар 2021 жылғы актілерде белгіленген.
Заңсыз төленген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы шамамен 16 млн теңге.
Аудан прокуратурасының мердігерлік ұйымдарға қатысты ден қою актісі бойынша қазіргі уақытта қанағаттандырылған талап-арыздар берілді.
Бүгінгі таңда бюджетке 7,4 млн теңге қайтарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!