Қостанай облысында көліктер бетпе-бет соғылып, екі жүргізуші де қаза болды

Қостанай-Сарыкөл тасжолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында болған.

"ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған", - делінген хабарламада.

Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қаза болған. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілгені айтылды.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!