- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазандық жарылды
Қостанай облысында жылу қазандығы жарылып, от жағушыны басып қалды
Қостанай облысында жылыту қазандығы жарылды. Жойқын жарылыстан жеке қазандық тұрған ғимарат құлап, ішіндегі от жағушыны басып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында болған. Жарылыстан кейін тұрғындар мен құтқарушылар жабылып жүріп ғимарат қирандыларын аршыды. Тіпті арнайы техниканы қосуға да тура келген. Сөйтіп, үйінді астынан сол жерде пеш жағатын 55 жастағы азаматты аман алып шықты.
Оны бірден жедел жәрдем ауруханаға әкетті. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы өте ауыр. Ол Арқалықтағы ауруханаға ауыстырылуы мүмкін.
Жеке қазандық жергілікті Мәдениет үйін жылытып тұрған. Cонымен қатар үш қос қабатты үй, мұражай мен сот ғимараты да осы орталыққа жалғанған. Жергілікті билік енді жылу беруді үзбеу үшін уақытша жылжымалы модуль қазандықты қолданамыз деп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан