Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар көлігі жанып кетті. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Алау" басылымы.
Басылым мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 17.50 шамасында "Қостанай-Әулиекөл" тасжолының 22-ші шақырымында, Талапкер ауылының маңында Toyota Camry жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан көлік шетке лақтырылып, сол жерде жанып кетті. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Полицейер аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген соталды тергеуді бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!