- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жұмысшы...
Қостанай облысында жұмысшы бетон араластырғышқа құлап қаза болды
Фото:
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Қостанай ауданы Садовое ауылында қайғылы оқиға болды. Кәсіпорындардың бірінде жұмысшы автоматтандырылған бетон араластырғышқа құлап қаза болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ТоболИнфоға" сілтеме жасап.
Оқиға 26 қыркүйекте кірпіш зауытында болған.
Полиция мәліметінше, 60 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу деректері бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, ер адам ресми түрде жұмысқа тұрмаған. Құжаттарға сәйкес, оның қызы компанияда тіркелген. Марқұмның артында алты баласы қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан