Қостанай облысында жүк көлігі жанармай құю бекетіне соғылды

Қостанай облысында жүк көлігі жанармай құю бекетіне соғылды
Фото: ng.kz

Қостанай облысының Тобыл кентінде жүк көлігі автожанармай құю станциясына соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала деректер бойынша жүргізуші жанармай құю бекетіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деді ПД өкілдері.

Полиция жүргізген сараптама нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі мас болмағаны анықталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета | Новости | Костанай (@ng.kz_)

Еске салайық, бүгін, 27 қыркүйекте Ақмола облысында КамАЗ бен жеңіл автокөлік соқтығысқан еді. Салдарынан кәмелетке толмаған қыз көз жұмып, 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget