Қостанай облысында жолда қалған қытайлықтар эвакуацияланды

Қостанай облысында жолда қалған қытайлықтар эвакуацияланды
Фото: Видео кадры

ТЖМ қызметкерлері жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қойбағар ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан республикалық маңызы бар "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолында ТЖМ қызметкерлері қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетті.

Көлік техникалық ақауға байланысты жолда тоқтап қалған. Құтқарушылардың күшімен көліктен үш адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының екі азаматы эвакуацияланды. Жолаушылар Қойбағар ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді.

Ер адамдар жедел көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын білдірді.

ТЖМ ауа райы қолайсыз кезде жолда аса мұқият болуды, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеру және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпау қажетін ескертті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget