Қостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 16 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолында жол апаты болды.
Сағат 15:00 шамасында Қарасу ауданындағы Герцен ауылынан 10 шақырым жерде Volvo мен Toyota Alphard көліктері соқтығысты.
"Апат салдарынан үш адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Зардап шеккендер Toyota Alphard көлігінде болған.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тергеу амалдарын бастады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!